Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған келіншекке үкім шықты
Қарағандыда қаржы пирамидасын құрып, жүздеген адамды жылатқан атышулы Елена Колесниковаға қатысты үкім шықты. Сот оған 9 жыл кескенімен, жолы болғыш келіншек рақымшылыққа да сол жерде іліге қойып, жазасы 4 жарым жылға қысқарды.
Автор: Саят Сабдалы
14.08.2017
Дегенмен, Колесникова алданған салымшыларға 385 миллион теңге қарызды қайтаруы тиіс. Жеке дүние мүлкі де мемлекет есебіне тәркіленеді. Негізі 5 мыңдай адам осы пирамидаға ақшасын құйған. Бірақ басым бөлігі қаражаттың қайтатынынан күдер үзіп, арыз да жазбаған екен. Сондықтан бұл сома қарыздың аз бөлігі ғана болуы мүмкін. Естеріңізге салсақ, қаржы пирамидасын құрған Елена Колесникава өткен жылдың қазанында ұсталған болатын. Ол «Оптовка» ұйымын құрып, бизнеске ақша салған салымшылардың қаражатын үстеме ақысымен қайтарып отырған. Тергеу барасында алаяқ біреудің ақшасын екіншісіне беру арқылы жарнамасын асырумен айналысқаны анықталды. Байлыққа кенелеміз деген ел де тапқан таянғанын аляқтың қолына ұстата берген екен. Сөйтіп, пирамиданың қаржы айналымы бақандай 3 миллиард теңгеден асып жығылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!