Аңдамай сөйлеген Трамптың мәлімдемесіне қатысты Ақ үй түсініктеме берді
Вице-президент Майк Пренс Шарлотсвилдағы оқиғаны «фанаттар ісі» деп мәлімдеген Трамптың қателігін жуып-шаюға тырысты.
Автор: Асыл Махметов
14.08.2017
Ол президент бізде зорлық-зомбылыққа, әсіре ұлтшылдар мен нәсілшілдерге жол жоқ дегенді айтты деп ағынан жарылды. Ал Шарлотсвилдегі жағдай әлі де тұрақсыз. Қала тұрғындары бүгін сенбілік шеруді ұйымдастырушылардың бірін, яғни әсіре ұлтшыл блогерді өлтіріп қоя жаздады. 12 тамызда белсенділер өз кезегінде биліктің 19-шы ғасырда өмір сүрген конфедераттар генералы Роберт Эдвард Лидің ескерткішін сүру туралы шешіміне наразылық білдіріп көшеге шыққан еді. Шеру антифашистермен қақтығысқа ұласты. Содан кейін бір топ адамды көлік қағып, бір әйел қаза тапса, отыз тұрғын жарақат алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!