Үнем: Биыл жұрт жаңа киім алуды едәуір азайтқан
Елімізде киім-кешекке сұраныс төмендеді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
14.08.2017
Ал, «адам көркі шүберек» дейтіндер шет елдік тігіншілердің өнімін жөн көреді. Жарты жылда сырттан 46 млрд теңгеге киім әкелінген. Мұның өзі былтырғымен салыстырғанда 0,7 пайызға аз. Есесіне, аяқ киім алушылар саны 2 есе артыпты. Қаңтардан бастап 36 млрд теңгеге импорттық аяқ киім тасымалданған. Отандық тігіншілердің де саудасы қызар емес. Жарты жылда елімізде 16 миллиард теңгеге ғана киім тігіліпті. Яғни импорттық киім-кешек тасымалы төмендесе де, ол «Made in Kazakhstan-ды» 3 орап тұр. Жұрт қашанғыдай Қытай тауарларына ерекше құмар. Биыл оған сұраныс 9 пайызға артып, жарты жылда 11 млрд теңгеге киім сатып алынған. Айта кетсек, Қытай болмаса қолғапсыз қалатын түріміз бар. Оның 93 пайызы, орамалдың 84, шұлықтың 73 пайызы осы елден әкелінеді. Бангладеш пен Италия өніміне де сұраныс көбейген. Ал Түркия мен Өзбекстанның киімін алушылар азайып барады. Айта кетсек, импорттық тауардың 80 пайызға жуығы Алматыға тасымалданады. Киім ең көп әкелінсе де, бұл қалада баға ең қымбат. Яғни Алматыда киім құны еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда 36 пайызға жоғары.
2017, қаңтар-шілде
Импорттық киім
45,5 млрд Т
- 0.7 %
Импорттық аяқ-киім
36 млрд Т
+200 %
1) Отандық киім өндірісі
16 млрд Т
2) Импорттық киім
45,5 млрд Т
Импорттық киім
Қытай
11 млрд Т
+9 %
Бангладеш
7,5 млрд Т
+45%
Италия
3,5 млрд Т
+23 %
Түркия
12,5 млрд Т
-28%
Өзбекстан
3,2 млрд Т
-13 %
Импорттық киім
45,5 млрд Т
Алматы
78,5 % (35,7 млрд Т)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!