{metadescription}
Премьерлер кездесуі:Еуразиялық одақ санкция кезінде тығырықтан шығудың жолын іздеуге кірісті
Премьерлер кездесуі:Еуразиялық одақ санкция кезінде тығырықтан шығудың жолын іздеуге кірісті

Премьерлер кездесуі:Еуразиялық одақ санкция кезінде тығырықтан шығудың жолын іздеуге кірісті

Келесі жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ортақ зейнетақы жүйесіне көшпек. Астанада Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларустың премьер-министрлері бас қосып, ортақ еңбек нарығын, яғни азаматтардың одақтағы елдердің біріне барып жұмыс істеуіне жағдай жасау мәселесін талқылады. Егер тараптар келісімге келсе, ұйымға мүше мемлекеттердің азаматтары қоныс аударған жағдайда, еңбек өтілдері толық сақталады. Сондай-ақ, осы бес ел көлік жүргізу куәлігін де өзара заңды  түрде мойындамақ.

-Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары жылына бірнеше рет жүздесіп, ортақ келісімдердің қалай жұмыс істеп жатқаны жайында бір-біріне есеп береді. Үш ай бұрын Ресейде бас қосқан премьерлер бүгін Астанада жиналды. Өйткені АҚШ-тың Ресейге салған санкциясынан соң, пысықтайтын мәселе көп. 

Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусьтың премьер-министрлері алдымен Ақордаға барып, Нұрсұлтан Назарбаевпен амандасып шықты. Елбасы Үкімет басшыларына қазіргі қиындыққа қарамастан Еуразиялық экономикалық одақты әрі қарай дамытуға шақырды.
 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Нам надо не смотря на имеющиеся вопросы укреплять наш Евразийский экономический союз. Проблемы конечно в мировой экономике нас затронули безусловно, но внутренние наши вопросы, взаимоотношения наших стран независимо от этого я думаю будут развиваться и дальше. Наша задача заключается в этом. И здесь правительствам конечно отводится основная роль: решение экономических вопросов, взаимоотношения все и сегодняшнее заседание ваше имеет большое значение.

Назарбаевтың одақтың жұмысын нығайту керек деуіне негіз бар. Өйткені, әлі де емін-еркін сауда жасауға қол байлау болып отырған 60-тан астам кедергі бар. Еліміздің премьері Бақытжан Сағынтаев ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы теңіз порттарына барлық мемлекетке бірдей жол ашуды ұсынды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:
- Одаққа мүше мемлекеттердің барлығы бірдей әлемдік теңізге тіке шыға алмайды. Бұл тауар тасымалына кері әсер етеді. Сондықтан теңізге барлығына бірдей жол ашу керек. Ал, жалпы, одақтың жұмысы нәтижелі. Тауар айналымы өсуде. Қазақстанда ЕАЭО тиесілі  8 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Ал Қырғыздың үкімет басшысы ортақ еңбек нарығын қалыптастыруды тездету керек деп отыр. Ол келесі жылдан қалмай одаққа мүше елдердің азаматтарын ортақ зейнетақымен қамту жүйесіне көшуді ұсынды.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан премьер-министрі:
-Басты мақсаттарының бірі – біріңғай еңбек нарығын қалыптастыру. Бұл ретте одаққа мүше мемлекеттердің зейнетақымен қамту туралы келісімі негізгі құжат болып табылады. Бес ел зейнетақыға қатысты мәселені 2018 жылға дейін шешу керек. 

Сондай-ақ, жақында одаққа кіретін елдердің көлік жүргізушілері бір-біріне емін-еркін темір тұлпармен қатынайды. Мәселен, біздің Ішкі істер министрлігі берген көлік жүргізу куілігі Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Армения аумағында заңды  болады. Елордаға жиналған премьер-министрлер мемлекеттер арасындағы экономикалық мәселелерді талқылап қана қоймай, қонақтардың кейбірі Астанада туған күнін қарсы алды. Армения үкіметінің басшысы Карен Карапетян бүгін 54 жасқа толыпты. Әріптестері оны ресми отырыс кезінде кезек-кезек құттықтап жатты. 
 

-Жалпы, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары транспорт, электр энергиясы, кеден салығы сынды 8 құжатқа қол қойды.  Келесі кездесу нақты қай күні және қай айда болатыны белгісіз. Премьерлер датаға өзара келісе алмады. Бір анығы ендігі жолы Үкімет басшылары Ереванда жиналды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде