Апат: Алматы облысында құлаған ұшақ ұшуын тоқтатпақ емес
Tecnam P2002 шағын ұшақтары ұшуларын тоқтатпайды. Бұл туралы бүгін Алматыда Азаматтық авиация академиясының басшылары мәлімдеді. Олардың ұшақтарды сатып алғандарына бір жыл ғана болыпты. Ал әлемдік тәжірибе бойынша, бұл әуе кемелерін ұзақ жыл бойы қолдануға болады екен.
Автор: Аида Мағыпар
14.08.2017
Шамиль Берішов, Азаматтық авиация академиясының проректоры:
-Бұл ұшақтарды 15-20 жыл аралығында пайдалануға болады. Алайда қаншалықты көп қолданылғаны да ескерілуі керек. Біз оларды сатпаймыз, ұшыруды да тоқтатпаймыз. «Азем» аэродромында тексеру жүріп жатқандықтан әзірге тек жаттығулар тоқтатылған. Алайда алдағы уақытта оған да рұқсат беріледі деген ойдамыз.
Естеріңізге салсақ, өткен аптада Алматы іргесіндегі Үшқоңыр ауылының маңында «Tecnam P2002» ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ішінде болған инструктор мен курсант сол жерде қаза тапты. Оқыс оқиғаға қатты жел себеп деген болжам бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!