Апат: Қарағандыда жолаушы толы автобус өртеніп кетті.
Құдай сақтап, ішіндегілер сыртқа шығып үлгерген. Оқыс оқиға кешкі елең-алаңда болды. Майқұдық ықшамуданына жүретін қоғамдық көлік атаулыда осындай қарбалас шақта орындық түгілі тұратын орын табылмайды. Дегенмен, от тұтанысымен жүргізуші көлікті жолдың шетіне шығарып, жолаушыларды түсіріп үлгерген. Ал сол маңдағы 100 метр жерде орналасқан өрт сөндіру бөліміндегілер жеткенше тілсіз жау көліктің дымын қалдырмады. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Болжам бойынша, от техниканың электр сымдарының тұйықталуынан тұтануы мүмкін.
Автор: Саят Сабдалы
15.08.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары