{metadescription}
Ақорда: Назарбаев   ЭКСПО-ны шебер ұйымдастарған Есімовті мақтады
Ақорда: Назарбаев   ЭКСПО-ны шебер ұйымдастарған Есімовті мақтады

Ақорда: Назарбаев ЭКСПО-ны шебер ұйымдастарған Есімовті мақтады

Ал дәл осы ЭКСПО-ны көруге келгендердің саны үш айда 2 жарым миллионға жетіпті. Бұл көрсеткіш жоспардан асып түскен. Бүгін  ЭКСПО-ға жауапты Ахметжан Есімов Ақордаға келіп, президентке көрменің жетістігін айтып мақтанды.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

-Туризм бойынша қазір өте жақсы өсімді көріп отырмыз. Туроператорларға деген олардың соларға ұсыныстар 78 пайызға өсіп отыр. Қонақ үйлер мен қосылған хостелдердің саны 27 пайызға өсіп отыр. 8 пайызға кіші және шағын бизнесте істеп жатқандардың саны өсті 15 жарым мыңға.

Құрылысына 500 миллиард жұмсалған ЭКСПО қалашығы Қазақстанның жаңа брендіне айналған. Қонақтар, әсіресе, шар іспеттес «Нұр Әлем» павильонына ерекше қызығады екен. Ал көрме аяқталған соң алып нысандар босап қалмайды. Қалашыққа «Астана» халықаралық қаржы орталығының кеңсесі орналаспақ. Сондай-ақ, бірақатар павильон естелік болып қалмақшы. Ал Есімовтің Ақордадан есебі түгел шықты. Өйткені оның жұмысына Елбасы жақсы деген баға беріп, ЭКСПО-ның тиімді тұстарын тізіп берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Жалпы, қаланың қызмет көрсететін өндірістерінің бәрі өркендеді, өсті. Қонақ үйлер толды, тамақ ішетін жерлер толды. Сол арқылы қалаға бюджетке көп қаржы түсетін болады. Құрылыста 196 Қазақстанның компаниясы жұмыс істеді. Сырттан келген инвестиция 100 миллион долларға жетті. Жалпы, ЭКСПО-ның Қазақстанға тигізген пайдасы осы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.