Елең еткізді: Астанада ЭКСПО көрмесі қар түскенше жалғасуы мүмкін
Отандық туроператорлар Астанада өтіп жатқан халықаралық көрмені қараша айына дейін созуды сұрап, «ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының» басшысы Ахметжан Есімовке үндеу жолдады.
Автор: Жәудір Оразхан
15.08.2017
Ерәлі Тілеуов, туристік компания директоры:
- Өткен жылдың осы кезеңі мен биылғы жылдың осы кезеңі жер мен көктей. Кейбір елдер өзінің ықыласын білдіреді, қызығушылық бар. Создырған дұрыс. Бұл әлемдік тәжірбие.
Өйткені, отандық туроператорлар ЭКСПО кезінде бұрын-соңды болмаған қомақты табыс тауыпты. Әр компания 200-ге дейін адамды жұмысқа алған. Былтырмен салыстырғанда жазғы кірістері де еселеп өскен. Сондықтан еліміздегі туристік қауымдастық халықаралық көрмені 1-ші қарашаға дейін созуды сұрап отыр. Есімовтің атына жазылған үндеуге қол қойғандардың қатарында отандық туристік компаниялар, қонақ үй қожайындары мен мейрамхана иелері бар. Алайда ЭКСПО-дағылар туроператорлардың бұл өтінішін орындау қиын дейді. Біріншіден, Халықаралық көрмелер бюросының ережесін бұзуға болмайды. Екіншіден, шетелдік қатысушылар үшін бұл артық қаржылай шығын. Әрі Елордаға бұл уақытта қар түседі. Жалпы, Астанада өтіп жатқан халықаралық көрме қыркүйектің онында аяқталуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!