{metadescription}
Көң сұрап, күлкіге қалды: Атырауда параны қимен алған ауыл әкімі ауыр жазадан сытылып кетті
Көң сұрап, күлкіге қалды: Атырауда параны қимен алған ауыл әкімі ауыр жазадан сытылып кетті

Көң сұрап, күлкіге қалды: Атырауда параны қимен алған ауыл әкімі ауыр жазадан сытылып кетті

Атырауда кәсіпкерден пара ретінде ақша емес, малдың қиын сұраған ауыл басшысына қатысты сот шешімі шықты. Қала іргесіндегі Ақсай ауылдық аймағының бұрынғы әкімі Жұмахмет Досқалиев енді мемлекеттік қызметпен біржола қош айтысқаны өз алдына, айыппұл ретінде 6 миллион теңге төлеуі тиіс.

Нақтырақ айтсақ, жергілікті тұрғындардың бірі үй салмақ болып,  жер телімін алуға қажетті құжаттарға қол қойғызу үшін Досқалиевке барған. Ал шенеунік алдына келген азаматтың органикалық тыңайтқыштарды жеткізумен айналысатын кәсіпкер екенін біліп, 300 қап көң берсе ғана қол қоятынын айтыпты. Бірақ бұл аздық етеді деп ойласа керек, әкім тағы 50 қабын талап еткен. Бұған көнбеген кәсіпкер, тиісті орындарға шағым түсіріпті. Ал шенеунік мұның бәрі қолдан жасалып отырған іс дейді. Дегенмен, 6 миллион айыппұлды сот шешімі шыққан күні төлеп тастаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде