{metadescription}
Америка алманың отаны – Алматы екенін ақыры мойындады
Америка алманың отаны – Алматы екенін ақыры мойындады

Америка алманың отаны – Алматы екенін ақыры мойындады

Талай жылдардан бері осы жемістің ең алғаш бүршік жарып шыққан жерін іздеп бас қатырған ғалымдар оның түп атасын Қазақстан деп жаһанға жариялады.      

Күллі елді елең еткізген ғылыми жаңалықты «Nature  Communications атты журнал басып шығарған. Онда Чжанцзунь Фэй есімді америкалық ғалым алманың отаны деп Қазақстанды атаған. Мақала «геномдық зерттеулердің нәтижесінде алма түрлерінің шығуы мен таралуын Жібек Жолымен байланыстырып отырмыз. Алманың түпкі атасы Малюс Сиверс және ол Қазақстанда пайда болған» деп басталады. Зерттеушілер алманың басқа елдерге қалай таралғанын картада сызып көрсетіпті. Дәмі тіл үйірер жемісті еліміздің оңтүстік-шығысынан Еуропаға қарай әйгілі керуен жолы арқылы саудагерлер тасыған көрінеді. Ал бұған дейін алманың отаны атануға Орта Азияның басқа елдері мен Түркия таласқан еді. Өйткені бұл жемістің түр-түрі осы мемлекеттерде де өседі. Десе де, Алматы олардың алдын орап әкетті. Америкалықтар айтпай-ақ алманың Іле-Алатауы баурайында алғаш бүршік жарып шыққаны еш күмән келтірмеген. Тіпті, жайқалған алма бақтарының құрметіне қала атауының берілуі бекер болмаса керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде