{metadescription}
ЭКСПО көрмесі екі айға дейін ұзартылмайтын болды
ЭКСПО көрмесі екі айға дейін ұзартылмайтын болды

ЭКСПО көрмесі екі айға дейін ұзартылмайтын болды

Бүгін ұлттық компания кәсіпкерлердің үндеуіне жауап берді.

Сергей Куянов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Қоғаммен департаментінің директоры:

-Біріншіден, ЭКСПО «Халықаралық көрмелер бюросының» ережесіне сай, 3 айдан артық өтпеуі тиіс. Екіншіден, шетелдіктер үшін бұл артық шығын. Сондықтан оны созу қисынға келмейді. Шара 10 қыркүйекте аяқталады.

Сондықтан көрмеге қатысып жатқан жүзден астам мемлекет жабылу салтанаты біткен бойда, буынып түйініп отандарына қайтады. Ал ЭКСПО-ға келген 2 жарым миллион туристен қомақты табыс тапқан туроператор, қонақ үй, мейрамхана қожайындарының барға қанағат қылудан басқа шаралары жоқ. Айта кетсек, күні кеше отандық бизнесмендер ЭКСПО-ны қараша айына дейін созуды сұраған болатын. Ұсыныстары қабылданбаған кәсіпкерлер енді қыркүйектің онына дейін тағы да көбірек ақша істеуге жанталасып жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде