Алматы маңында құлаған ұшақ апатының себебін анықтау үшін Италия мен Украинадан мамандар тартылмақ
Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан курстанттың отбасына миллион теңге беріледі. Бұл туралы Азаматтық авиация академиясының проректоры Шәміл Берішев мәлімдеп отыр.
Автор: Асыл Әділханұлы
16.08.2017
Өткен аптада Үшқоңыр ауылының жанында «Азем» аэдромыннан оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін әуеге көтерілген Текнам 2002 ұшағы 2 шақырым да ұшпай жерге құлады. Салдарынан, екі адам қаза тапты. Олар украина азаматы, ұшқыш-инструктор Сергей Курченко және курсант Айдар Әбішев. Бұрын да айтқанымыздай, болжам бойынша, әуе көлігінің апатқа ұшырауына қатты жел себеп болуы мүмкін. Қазір оның нақты неден құлағанын анықтау үшін құрылған арнайы комиссияның құрамында шетелдік мамандар да жұмыс істеп жатыр.
Шәміл Берішев, Азаматтық авиация Академиясының проректоры:
-Арнайы комиссияның құрамында азаматтық авиация комитеті мен төтенше жағдайлар мамандарынан бөлек шетелдік сарапшылар да бар. Олар – Текнамды құрастырған италиялық компания өкілдері мен осы апаттың себебін анықтауға атсалыссақ деп келген украиналық мамандар. Бір ай көлемінде бәрі белгілі болады деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!