Масқара: Астаналық шенеуніктер ішінен құрт шыққан қарбызға қатысты түсініктеме берді
Астаналықтар жаппай уланудан аман қалды. Елорда базарларының бірінде сараптама кезінде, қарбыздан құрт шықты.
Автор: Азамат Алдоңғаров
16.08.2017
-Мынаның іші толған құрт. Адам баласына жеуге болмайды. Сондықтан сатқызбаймын. 35 тонна алдыңдар ма? Бәрін жоямыз. Экспо кезінде мыналарың масқара ғой.
35 тонна қауіпті қарбыз Оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген. Ал құрт түскен өнім денсаулыққа қауіпті. Қауын құрты аталған паразит негізінен қауын, қарбыз, тіпті қиярға түсіп, жұмсағымен қоректеніп, өнімді іштен шірітетеді екен.
Ержан Айнабеков, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
-Бұл оқиғадан хабардармыз. Анықталған карантинді паразитке жататын қауын құрты. Бақша дақылдарына көп түседі. Еліміздің оңтүстік өңірі және жалпы Орталық Азияда кеңінен тараған. Министрлік құрт түскен қарбызды басқа базарларға тарауының алдын алып, толық жойды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!