{metadescription}
Алаяқтық: Астанада  танымал турфирмаға алданған адамдар істің мән-жайын айтты
Алаяқтық: Астанада  танымал турфирмаға алданған адамдар істің мән-жайын айтты

Алаяқтық: Астанада танымал турфирмаға алданған адамдар істің мән-жайын айтты

Астанада бірнеше отбасының жазғы демалысының шырқын бұзған туроператорға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Анмар Тур»  деп аталатын компания тұрғындарға Чехия курорттарының жалған жолдамасын сатып, клиенттерінің 10 миллион теңгесін қалталарына басқан.

Болат Келдібеков, жәбірленушілердің адвокаты:

-Ақшаға билет алынбаған. Жатын орынға бронь да жасалмаған. Ақшаның қайда кеткенін  тергеу кезінде анықталуы тиіс. Туристік компанияның басшысы  қателігін түсініп, қолма қол ақшаны қайтарамыз деген. Қол хат жазып берді. Кейін бір жұма өтті әлі жоқ.

Қазір басы дауға қалған «Анмар Турдың» кеңсесі жабық тұр. Алданып қалған туристердің бірінің адвокатының айтуынша, компания клиенттерге  әуе билеті мен шипажайдың ақысын алдын ала толық төлеткен. Мәселен, Болат Келдібековтың қорғауындағы отбасы 3 миллионға жуық теңгесін «Анмар Тур» басшысына  ұстата салыпты. Әзірге, полицияға үш адамнан  шағым түскен. Тәртіп сақшылары бұл фирмаға тағы алданғандар болса, Ішкі істер департаментіне хабарласуларын сұрап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде