{metadescription}
Тұңғыш президент қоры жас ғалымдардың жігерін бизнеске бағыттамақшы
Тұңғыш президент қоры жас ғалымдардың жігерін бизнеске бағыттамақшы

Тұңғыш президент қоры жас ғалымдардың жігерін бизнеске бағыттамақшы

Жастардың ойлап тапқан небір қызықты дүниелері, әсіресе, энергетика мен ауыл шаруашылығын көл-көсір пайдаға кенелтеді деп отыр ғылымға бейжай қарамайтын қор қызметкерлері.              

Осыған орай арнайы халықаралық форум ұйымдастырылып, оған Ресейдің ғалымдары да шақырту алды. Бурабайда бас қосқан екі елдің білімді жастары биотехнология, нанотехнология, агро-биотехнология сынды күрделі салалардағы жетістіктерімен бөлісті. Тұңғыш президент қоры енді сол тың идеяларды кәсіпкерлікте пайдалануды қалап отыр. Оған екі ел арасындағы шекаралық ынтымақтастық та зор мүмкіндік беруде. Мәселен, жас ғалымдар туризмді дамыта түсетін ойларын ұсынып, әрі қарай өздері жеке кәсібін аша қояды. Ол үшін Тұңғыш президент қоры қолдау көрсетуге дайын. Қор жетекшілері ауыл шаруашылығында жаңалық ашуға құлшынып тұрған қыз-жігіттерге де қол ұшын созбақ.

Мақмұт Томанов, ҚР Тұңғыш Президент қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

-Бидайдың жаңа сорттарын ашайын деп жатыр жас ғалымдарымыз. Оны мұнадай форумда ашпасақ, проблеманы айтпасақ ешкім ашпайды. Сізге көрсетіп, халыққа көрсетіп, содан кейін оны үлкен компаниялар пайдаланса.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде