СҚО-да тұрғындар түрменің жабылуына қарсы шықты
Солтүстік Қазақстан облысында «Жаман-сопка» аталып кеткен колония жабылғалы жатыр. 400 адам жазасын өтеп жатқан түрме ешқандай талапқа сай емес деп танылған. Сондықтан, аса қауіпті қылмыскерлер басқа абақтыларға ауыстырылмақ. Түрменің жабылғанына талайлар қуанғанымен, Горное ауылының тұрғындары қайғырып отыр. Өйткені, осында жұмыс істеп күнін көріп жүрген жұрт енді нәпақасыз қалудан қорқады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
17.08.2017
Горное деп аталатын мына ауыл 1961-ші жылы колониямен бірге пайда болған. Мектеп те, балабақша да, жаңа тартылған су құбыры да бар. Осындағы 150-дей отбасы өмірлерін түрмесіз елестете алмайды. Өйткені, алғаш колонияға жұмысқа алынғандардың қазір мұнда тіпті 3-ші ұрпағына дейін қызметте. Бүгін базыналарын айтып, абақты алдына жиналғандардың көпшілігі де сол зейнеттегі әскерилер.
Райымжан Есенов, Горное ауылының тұрғыны:
- Жұмыс жоқ басқа. Әрбір үйден біреу, бесеу, төртеуі колонияда, әскери бөлімде жұмыс істейді.
Аса қатаң режимдегі колонияда ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеп жатыр. Осыдан 20 жыл бұрын қылмыскерлер түрмеден қашып, 8 адамды өлтіргенін тұрғындар ұмытқан жоқ. Дегенмен күнкөріс үшін қауіпті болса да колонияның жабылуына қарсы. Бірақ, мәселе әлдеқашан шешіліп қойған.
Бөкенбай Жүсіпов, Қылмыстық атқару жүйесінің СҚО бойынша департамент бастығы:
-Қазіргі жағдайы мекеменің заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Ол жөнінде былтыр примитивтік механизмнің уәкілдері талай рет талап қойды. Және медициналық кадрлар тапшылығы бар.
- Сондықтан колония жабылып, ондағы жазасын өтеп жатқандар Қазақстанның әр қаласындағы түрмелерге орналастырылмақ. Ал мұнда жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының мәселесі, әлі ашық күйінде қалып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!