Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?
Алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстігінде қатты жел соғып, дауыл болады. Синоптиктер әсіресе, осы өңірлердің тұрғындарын сақ болуға шақырып, ескерту жасады.
Автор: Жәудір Оразхан
18.08.2017
19, 20-шы тамызда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Сондықтан сақтық шараларын сақтаған жөн. Жаздың соңғы күндері еліміздің батысында аптап ыстық болады. Ауаның температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс аймақтарда күн жауын-шашынды. Яғни, өткінші жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Және екпінді жел тұрады. Ал Елордада ауа-райы бірқалыпты болады дейді мамандар.
Айнұр Қайымбаева, «Қазгидромет» орталығының инженер-синоптигі:
-Алдағы демалыс күні Елордамыз Астана қаласында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның түнгі температурасы 8-10-нан 11-13 дейін көтерілетін болса, күндіз 23-25-тен 24-26-ға дейін градусқа дейін жоғарылайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!