Шетелдіктердің Қазақстанға кіру тәртібі жеңілдетілмек
Үкімет миграциялық карталарды алып тастағалы жатыр.
Автор: Ербол Сейілхан
18.08.2017
Енді шекарадан өтерде қолда виза болса, миграциялық карта толтырудың қажеті жоқ. Осыған дейін Қазақстанға кіруге ресми құжаты болса да, туристер мен инвесторлар жеке басы туралы мәліметті қайта жазып әлекке түсетін. Бұл бюрократиялық кедергілер еліміз туралы жағымсыз пікір тудырып, шетелдік кәсіпкерлерді үркітетін. Оның үстіне визада мемлекетімізге аяқ басқан мейман туралы барлық ақпарат, тіпті қашан кететініне дейін бар. "Ақжол" партиясының ұсынысын жан-жақты қарастыруға уәде еткен Үкімет қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуге дайын екен. Бірақ жаңа бастаманың қай күннен бастап іске асары әзірше белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!