Елімізде ескі көлікке берілетін ақша мерзімінен бұрын бітіп қалды
Ескі көлік қабылдауға қаржы жоқ! Елімізде былтыр басталған утилизациялау бағдарламасы бойынша ақшалай сыйақы беру тоқтатылды. Осы мемлекеттік бағдарламаға жауапты оператор – мұны Энергетика министрлігі бекіткен квота санының уақытынан бұрын игерілуімен байланыстырды.
Автор: Олжас Байжан
18.08.2017
2016 жылдың қарашасында пилоттық бағдарлама негізінде ашылған ескі көліктерді қабылдау науқаны еліміздің барлық өңірінде белсенді жүрген болатын. Небәрі 9 ай ішінде 20 мың адам ескі көлігін өткізіпті. Бағасы шамамен 150 мың теңгенің айналасында. Тозығы жеткен темір тұлпарын нарықтаға бағадан гөрі осылай қымбатқа сатқысы келетіндерге енді қосымша квотаның бөлінгенін күтуге тура келеді. Ал қолма-қол ақша емес, жаңа көлік алу кезінде жеңілдік беретін сертификаттар саны әлі жеткілікті екен. Сондықтан, отандастарымыз жеңіл және ауыр көліктерді, сондай-ақ автобустарды 315 мың мен 650 мың теңге аралығындағы сертификатқа әлі де ауыстыра алады.
Жомарт Рахымжан, «ӨКМ операторы» ЖШС өкілі:
– Жуық арада министрлік квота беруді бекітетін болса ақшалай бағдарламаны ары қарай жалғастыратын боламыз. Бүгінгі күнде сертификат беру бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Сол сертификатпен Қазақстанда шығарылған автокөлікті алған кезде сертификат сомасы сіз алатын автокөліктен шегеріліп қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!