Мектепке дайындыққа молдалар көмектесті.
Алматыда «Мектепке жол» шарасының аясында мың балаға керек жарақ сатып алынды.
Автор: Олжас Байжан
21.08.2017
Алматының барлық аудандарындағы мешіттер аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың тізімін жасап, сол бойынша оқушыларға сабаққа қажетті құралдар толтырылған сөмкелер дайындалған. Игі шараға негізінен көп балалы отбасыдан шыққан, жетім және мұқтаж бүлдіршіндер шақыртылыпты. Олардың әрқайсысы дәптер, қалам, күнделік және өзге де оқуға қажетті құрал-жабдықтар алды. Бұл олар үшін аз да болса көмек болары сөзсіз. Ал «Мектепке жол» акциясының аясында өңірлердегі мешіттер бүлдіршіндерге тек оқу құралдарын емес, мектеп формасын да алып беріп жатыр.
Ержан қажы Малғажыұлы, Бас мүфти:
–Мың балаға мектепке бару үшін барлық жағдай, жәрдем жасалып жатыр. Кейбір мешіттер мектеп формасына дейін алып беріп жатыр. Сөмкенің ішіне 5 мың теңгеден астам заттар салынған. Мектепке бару үшін барлық заттары алынған, қамтылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!