{metadescription}
Үндістанда жантүршігерлік жол апаты болды
Музаффарнагар ауданында 14 вагон рельстен шығып кетіп, 23 адам қаза тапқан. Ал 90-ға жуығы ауыр жарақатпен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Тіпті құлаған вагонның біреуі жақын манда тұрған үйге соғылған. Мұндай жол апаты Үндістанда жиі болып тұрады. Ресми статистикаға сәйкес, 5 жыл ішінде 580 пойыз апатқа ұшырапты. Сонын 50 пайызы рельстен шығып кеткен. Бұл жолғы апатқа да машинистің қателігі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр.
Автор: Аида Мағыпар
21.08.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!