Ақтауда көшеде қарумен жүрген жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін
Азық-түлік дүкенін тонап, кейін полицейлерден қашқан ол шолақ мылтығымен жұртты шошытқан болатын. Тәртіп сақшылары оны қаладағы мектептердің бірінің жанында қолға түсірді. Тонаудың өзі дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған. Жазбада қарақшының дүкеншіге қару кезеніп, ақша талап еткені анық көрінеді. Бірақ таңның атысымен келген жігіт өзімен бірге небәрі 8 мың теңге алып кеткен. Қазір қарақшылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 31 жастағы азаматтың қаруды қайдан алғаны анықталуда. Айта кетерлігі ол осыған дейін тонау бабымен істі болған екен.
Автор: Олжас Байжан
21.08.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
03 қаңтар
02 қаңтар
01 қаңтар
31 желтоқсан
Серіктестер жаңалықтары