{metadescription}
Павлодар облысында мас полицей аулада  ойран шығарып, жұрттың зәресін алды
Павлодар облысында мас полицей аулада  ойран шығарып, жұрттың зәресін алды

Павлодар облысында мас полицей аулада ойран шығарып, жұрттың зәресін алды

Тойота тізгіндеген капитан тұрақтағы бес бірдей көлікті бірінен соң бірін соғып, одан қалды жан-жағын да жайпаған. Абырой болғанда, аулада адам болмапты. Тіпті өз әріптестеріне бой бермей білгенін істеген тәртіп сақшысын полиция бөлімшесінің бастығы келіп әрең тоқтатты.

Владимир Балабанның сүліктей жаңа көлігі үшін іші күйіп жүр. Зейнеткердің аулада қаңтарылып тұрған машинасын басқа емес, тәртіп сақшысы талқандап кетіпті. Тойота тізгініндегі офицерді тұрғындар бірден таныған. 

Владимир Балабан, зардап шегуші:

-Онымен таныс емеспін. Бірақ көргендер оны бірден таныды. Жергілікті Ақсу бөлімшесі жол полициясы бастығының орынбасары деп айтты. Кейін анықтасам, сараптама аздап ішкен деген қорытынды шығарыпты. Қайдағы аздап ішкен? Удай мас болды. Адам баласына бой бермеді.

Көп қабатты үйдің ауласында қаңтарылып тұрған бес бірдей көлікті жын ұрғандай қиратқан офицер жергілікті полиция қызметінің аға испекторы Мақсат Айтқазин боп шықты. 35 жастағы капитан одан қалды көлігімен жан-жағын да жайпап өтіп, ақыры мына құбырға ілініп қалған. Сөйтіп, бір-ақ тоқтайды. Дегенмен, елдің көзінше ойран салған офицер онымен тынышталмай көлікті қайта-қайта оталдырған. Тіпті өз әріптестеріне бой бермей білгенін істеген инспекторды болмаған соң полиция бөлімшесінің бастығының өзі келіп тоқтатты.

 

Есігін кілттеп алған капитанды бастығы көлігінен терезесін сындырып суырып алды. Араққа сылқия тойып алған офицерді артынша әріптестері өз жұмыс орнына Ақсу бөлімшесіне алып кетті. 

 

Әлібек Шөкеев, Ақсу қаласы прокурорының міндетін атқарушы:

-Қазір полиция қызметкеріне қатысты үш әкімшілік іс қозғалды. Одан көлікті мас күйінде құжатсыз жүргізгені үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбаған деген баптар бойынша жауап алынады. Тергеу нәтижесі бойынша, офицердің жұмыста қалу қалмау мәселесі шешіледі.

 

35 жастағы капитанның бұл іске не үшін барғаны әзірге белгісіз. Ал басшылары офицер жазғы еңбек демалыста болған деп өздерінен кінәні жуып-шаймақ болды. Еңбек демалысы есте қаларлықтай боп аяқталған аға инспектор бұл оқиғадан соң қызметінен қуылуы мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде