{metadescription}
Жамбыл облысында әріптестерін пышақтап, қашып кеткен атышулы Үмбеталиевтің қайда жасырынғаны белгілі болды

Жамбыл облыстық Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының тұтқындалуына қатысты жаңа дерек. Әріптестерін пышақтап қашқан Мұрат Үмбеталиев Шу қаласынан табылған. Негізі, осында із жасыруы мүмкін деген болжам басында-ақ айтылған болатын.

Сөйтсе, қашқын жергілікті прокуратураға өзі келіпті. 10-шы тамыз күні Тараздағы мейрамханалардың бірінде болды. Ішімдікке сылқия тойып алған полиция басшылар жаға жартысып, соңында пышақтасқан. Үмбеталиевтің қолынан жеңіл жараланған Криминалдық полиция бастығы қызметінен қуылып, қазір тергеу абақтысында отыр. Ал оңбай жараланған Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы әлі ауруханада. Сол кезде із жасырып үлгерген Үмбетәлиевтің өзі берілуіне жұбайы себеп болуы мүмкін. Шенді полицейдің әйелі мұның алдында осындай өтінішпен шыққан болатын. Кісі өлтіруге оқталды деп айыпталған Үмбетәлиевтің өзі қазір абақтыға қамалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде