{metadescription}
Шымкентте «Баха» лақап атымен танымал экс-депутат ұзақ мерзімге сотталды
Шымкентте «Баха» лақап атымен танымал экс-депутат ұзақ мерзімге сотталды

Шымкентте «Баха» лақап атымен танымал экс-депутат ұзақ мерзімге сотталды

Бопсалаумен айналысқан депутат біраз уақыт бостандық көрмейтін болды. Бүгін Шымкент соты Сайрам аудандық мәслихатының бұрыңғы өкілі әрі кей ортада «Баха» лақап атымен танымал Бақытжан Аймырзаға үкім кесті. 

Мейрамханалар жүйесіне иелік ететін Аймырза өз кәсібіне қанағаттанбай, Сайрамдағы темір-бетон зауытын тартып алмақшы болыпты. Тіпті, миллион доллар бересің деп зауыт иесіне талап қойған. Қыруар қаржының 10 миллион теңгесін берген кәсіпкер, қалған бөлігін таба алмай, келесі кездесуге полицейлермен бірге келген. Экс-депутатты ұстау кезінде тәртіп сақшылары оның үйінен 9 түрлі қару-жарақпен мыңға жуық түрлі калиберлі оқ-дәріні тәркіледі. Бүгін үкімді міз бақпай тыңдаған 54 жастағы Бақытжан Аймырза енді 10 жылын темір торда өткізуі тиіс.

Дәурен Мадалиев, судья:

-Жәбірленушіге тиесілі зауытты  талап еткен. Сол зауытқа тиесілі техниканы талап еткен. Жәбірленуші: "бұл зауыт  менікі емес" деп, жауап қатқанда 1 миллион доллар бер деп қорқытқан.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде