{metadescription}
«Текнам 2002» ұшағының құлау себебі айтылды
«Текнам 2002» ұшағының құлау себебі айтылды

«Текнам 2002» ұшағының құлау себебі айтылды

 «Текнам 2002» ұшағы әуедегі табиғи қолайсыздықтың салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін. Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Алматы маңында құлаған ұшаққа қатысты осындай болжам айтты.

Дәл осы "Азем" аэродромы таулы аймақта орналасқандықтан әуеде ауа жиі бір жерге топталып қалады да, ұшақтың ұшуына кедергі келтіреді. Оның үстіне  сол маңда үнемі жел тоқтамайды екен. Бұл - көктегі көптен бері шешімін  таппаған  мәселе дейді министр. Қазір "Азем" аэродромы уақытша жабық. 10-шы тамыз күні Алматы маңында Азаматтық авияция академиясына тиесілі «Текнам 2002» ұшағы оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін көкке көтерілгенде құлаған болатын. Салдарынан екі адам: курсант пен ұшқыш қаза тапты. Апаттың нақты себебін шетелдік және отандық мамандардан құралған комиссия анықтап жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.