Оралда адамдарды гипноздап тастайтын әккі ұры ұсталды
Қолының шапшаңдығы арқылы қалтасын толтырған! Оралда өзін Иран азаматымын деп таныстырған алаяқ ұсталды. Айналасы бірнеше күнде 4 ірі фирманың 600 мың теңгесін алдап алған оның қылмысын тек бақылау камерасының арқасында дәлелдеу мүмкін болып отыр. Күдіктінің ақша ұрлаған сәттегі көз ілеспес жылдамдығы талайды көрген тәртіп сақшыларын да таң қалдырды.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
22.08.2017
Таңдаған тауарының ақысын төлеу үшін касса маңына келген ол әр түрлі елдердің ақшасын жинап жүргенін айтқан. Әмиянындағы ірі сомаларды көрсетіп, оны жаңасына ауыстырып беруді өтінген. Шала-шарпы сөйлеп тұрған шетелдікке кассирлер сейфтен бір бума ақшаны алып, қонақтың қолына ұстата салады екен. Осы сәтте ол сумаңдаған қолдарымен бумадағы купюралардың денін қалтасына тығып үлгерген.
Нұрлан Бейсенов, Орал қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары:
- Өзінің айтуы бойынша, Алматы қаласының тұрғыны екен. Оралға қылмыс жасауға келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!