{metadescription}
Ақтөбе облысында жатақханадан қуылған жұрт үлкен шу шығарды
Ақтөбе облысында жатақханадан қуылған жұрт үлкен шу шығарды

Ақтөбе облысында жатақханадан қуылған жұрт үлкен шу шығарды

Ақтөбе облысында хром өндіретін алпауыт компания жүзге жуық отбасыны баспанасыз қалдырмақшы. Дөң кен байыту комбинатының басшылары жұмысшыларына арналған жатақханадағыларды жаппай қуып жатыр. Өйткені тексеруге келген комиссия ғимараттың ескіргенін айтып, сүріп тастауға бұйрық беріпті. Ал жатақханадағы тұрғындар болса мұны ала жаздай айтпай, күз келгенде қысымға алғандарына ашынады.

Хромтаудағы бұл жатқахананы босату туралы шешім шыққалы бері мұндағы шу бір басылған емес. Жұрт бірнеше күннен бері көшіруге келгендерді ішке кіргізбей әлек.  

Сабира Байсадақова, Хромтау қаласының тұрғыны:

- Баратын жеріміз жоқ. Баланы киіндіру керек. Тамағы бар. Менде пәтер алатын ақша жоқ. Мен бұл жақта қызыққаннан отырған жоқпын. Болса кетер едім.

Елу жыл бұрын салынған ескі ғимарат қайта жөндеуге келмейді екен. Сондықтан комиссия оны сүріп тастау керек деп шешкен. Бірақ құлайын деп тұрған сиқы байқалмайды. Сондықтан тұрғындар шығуға қарсы.

Қарлығаш Мұқанова, Хромтау қаласының тұрғыны:

-Мен далада қаламын ба? Еш жаққа бармаймын. Осы жерде тұрамын. Құласа құлай берсін.

Жатақхананы паналағандардың дені комбинат жұмысшылары мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар. Осында тұрғандары үшін айына жеті мың теңге төлейді. Ал хром өндіретін компанияның басшылары қауіпсіздік үшін дереу көшіруден басқа амалымыз жоқ деп отыр.

Равиль Насыров, Дөң кен байыту комбинатының техникалық директоры:

 -Тұрғындар үшін түрлі жағдайды қарастырып жатырмыз. Бізде істейтін жұмысшылардың айлығын өсіріп, пәтер жалдауға мүмкіндік жасамақ ойымыз бар. Бірақ жатақханадағы барлық отбасыны баспанамен қамту мүмкін емес. Не де болса жатақхананы босату керек. Егер құласа, біз жауапты боламыз.

Хромтаулық шенеуніктер де баспанамен ешкімді жарылқай алмайтынын ашық айтып отыр. Тек жатақханадағы екі отбасына ғана пәтер алып беруге көмектеспекші.

Асқар Нұртазин, Хромтау қаласының әкімі:

- Әкімдік тарапынан бұл жерде 2 жанұя бар, соларды аудандық әкімшілік тарапынан өздеріне істейді.

-Қалғаны не істейді?

-Барлығы еңбек ету керек. Іздестіру керек. Енді жоқ пәтерді  қайдан тауып береміз?

-Тұрғындарға жатақханадан өз еріктерімен көшуге бір апта уақыт берген. Қыркүйекке дейін талап орындалмаса комбинаттағылар күшпен қуып шықпақшы. Ол үшін сот шешімі қолымызда бар деп отыр. Тек кәсіпорыннан зейнетке шыққан ардагерлерді ғана қонақүйге орналастыруға келісімге келіпті. Онда да баспана табылғанға дейін, уақытша. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.