Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді жарналамауға өзі кірісті
Ұлы Даладан артық жер жоқ! Қазақтың Швейцариясы атанған Бурабайда бірнеше күн болған Нұрсұлтан Назарбаев енді шетелге шыққысы келмейтінін айтып ағынан жарылды. Республикалық арналардың біріне сұхбат берген президент туризмнен бөлек, сот жүйесін жетілдіру жаңа әліпби сынды көптің көңілінде жүрген мәселелерге ерекше тоқталды.
Автор: Жәудір Оразхан
22.08.2017
Соңғы кезде Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен Ақордадағы жұмыс кабинетінде емес, табиғат аясында жүздесуді әдетке айналдырған. Президент бірде Ұлытауда сұхбат берсе, биыл Бурабайды таңдапты. Арқа төсінде еркін көсілген мемлекет басшысы көптің көңілінде жүрген біраз мәселенің басын шалды. Соның бірі - латын әліпбиіне көшу.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетпейміз. Алып қашпа сөзді кейбір саясаткерлер айтады. Әліпби тек қана қазақтың тіліне байланысты мәселе. Орыстың тілінде кириллицамен орыс басылымдары шыға береді. Ғылым мен техниканың көзі болып отырған, көп аударылған орыс тіліне. Барлығынан ажырап қалсақ, меніңше, біз байымаймыз, кедейленеміз.
Назарбаев жақында жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасын ғалым, тілмаштармен бірге талқыламақ. Елбасының айтуынша, қазақ алфавитінен щ, ч, ц, я және жіңішкелік, жуан белгілер мүлдем алынып тасталады. Ал әріптердің басында нүкте, үтір болмайды. Кейін Президент әңгімесінің ауанын еліміздегі сот жүйесіне бұрып, фемида саласын сынға алды. Өйткені, қазір әділдік таппай шырылдап жүргендер көп. Ешкімге жалтақтамай шешім шығару үшін судьяларды жаппай қайта тәрбиелеу керек дейді Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Во-первых, надо воспитывать самих судей, они советские еще. Сейчас еще раз посмотреть опыт Германии, Великобритании, Франции и других стран, постсоветского пространства, где лучше добились успеха. Глядя на всех них, выбираем лучшую практику, которая нам необходима.
Яғни, елімізде басынан дау арылмаған сот саласын реформа күтіп тұр деген сөз. Ал ЭКСПО-ның ұйымдастырылуына, нәтижесіне Президенттің көңілі толып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-EXPO-2017 занимает особое место, завоевать право проведения в Казахстане было совсем не простым делом. Мы полагали, что за все три месяца проведения выставки Казахстан посетит около двух миллионов. Только за два месяца уже посетило 2,5 миллиона.
Бірақ мұнымен тоқтап қалмай, ЭКСПО-ның арқасында шетелдік туристерді тарту ісін әріқарай жалғастыру қажет. Ол үшін алдымен ішкі туризмді дамыту керек деді президент. Ал қазір Қазақстандағы қасиетті жерлер мен табиғаты тамаша демалыс орындары жарнама мен насихатқа мұқтаж.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Мен енді дүниедегі адамдар демалатын әдемі жерлердің бәрін көріп шыққан адаммын. Келе жатқан ұрпаққа да, замандастарыма да айта аламын, мен қазір ешқайда барғым келмейді демалысқа. Қазір Бурабайда отырмыз. Мұндай керемет жерді еш жерде көрмейсің. Табиғаты сақталған. Көлі де, тауы да бар.
-Бір сөзбен айтқанда Қазақстандағы туризм табыс көзіне айналуы тиіс. Президент сағатқа жуық уақытқа созылған сұхбатында балалық шағы, туған жерін де еске алып, ағынан жарылды. Тамыз айы, яғни, жаңа саяси маусым алдындағы тыныштық болғандықтан ба, Елбасы Үкімет мүшелерін сынаған жоқ. Осыған қарағанда, Есілдің сол жағалауындағы ауыс түйіс пен жаңа міндеттер қыркүйек айын күтіп тұрған секілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!