Алматыда жұртты алдап соққан азаматқа іздеу жарияланды
Алматыда «Questra World» және «Atlantik Global» деп аталатын компанияларға ақша құйғандар полицияға шағымдануда.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
23.08.2017
Зардап шегушілердің бәрі қаржы пирамидасының шырмауына ғаламтор арқылы түскен. Солардың бірі алғашқыда компанияның өкіліне 3 мың доллар беріп, оны 2 есе етіп қайтарып алған соң, 75 мың долларды ұстата салыпты. Әзірге сол адам ғана құзырлы орынға шағым түсірген. Ал жұрттың жиған-тергенін алып, ұшты-күйлі жоғалған азамат өзін Павел Крымов деп таныстырыпты. Сөйтсек, «Questra World» пен «Atlantik Global-дың» бұл өкілі тек біздің отандастарымыз емес, талай ресейлікті сан соқтырған екен. Ал, қос компанияның жарнамасы ғаламторда әлі тұр. Аңқау жұрт оған сәт сайын тіркеліп жатыр. Қазір полицейлер алаяқты жер-жерден іздестіруде.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:
- Questra және Atlantic фирмасының өкілімін деп өзін таныстырған Крымов бүкіл әлем бойынша мұндай қылмыстар жасауы мүмкін. Қазіргі таңда оның қай жерде екені белгісіз. Бірақ іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!