Астананың ұстаздары Исекешовтен көмек сұрады
Астанада мектеп басшылары бала оқытатын ұстаз таппай отыр. Биыл жаңа оқу жылында төменгі сыныптарға сабақ беретін 150 мұғалім жетпейді екен. Тамыз кеңесіне жиналған мектеп директорлары қала әкімі Әсет Исекешевтен маман тапшылығын шешіп беруді сұрады.
Автор: Жәудір Оразхан
23.08.2017
Құралай Байтәжікова, Астана қаласындағы №73 мектептің директоры:
-Бізді қатты толғандыратын мәселе – ол бастауыш сынып мұғалімдерінің жетіспеуі. Қазіргі таңда бір мұғалім екі сыныппен жұмыс істеуі қалыпты жағдайға айналған. Екінші мәселе, оқушы орнының жетіспеушілігігі. Бір сыныпта 35-40 оқушы отырған жағдайда біз жаңа білім мазмұнын табысты енгіземіз деп айту кішкене қиынға соғады.
Мектептерде жалақы төмен болғандықтан, жас мамандар мардымсыз ақшаға жұмыс істегісі келмейді. Ал Астанаға қоныс аударған отбасылардың қатары жыл сайын артуда. Сәйкесінше, мектепке баратын бала саны да еселеп өскен. Биыл жаңа оқу жылында елордалық мектептерде 145 мың бала білім алады деп жоспарланып отыр. Сондықтан алдағы үш жылда Астанаға әлі тағы үш мың ұстаз бен мың балабақша тәрбиешісі қажет болады. Елордадағы жоғары оқу орындары болса, төменгі сыныпты оқытатын мамандар даярламайды екен. Егер университеттер бас қалаға қажетті мамандықтарды ашса, әкімдік қала бюджетінен жылына 200 грант бөліп, қолдау көрсетуге дайын, - деді Исекешев. Және шаһар басшысы Астанадағы балабақша мен мектеп тапшылығын 2020 жылға дейін түбегейлі шешіп бермек.
Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:
-2020 жылға дейін Астанада тағы 20 мың балаға арналған 200 балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Сонда Елордада барлық бүлдіршін мектепке дейінгі мекемеге баратын болады. Биыл мектептердің қасынан 2600 орынға арналған бес қосымша нысанның құрылысын бастаймыз. Елордада 2020 жылға дейін мектеп, балабақша тапшылығы жойылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!