{metadescription}
Ақышев «ешкімнен қорықпа» деп қолдау көрсеткен президентке  алғыс айтты
Ақышев «ешкімнен қорықпа» деп қолдау көрсеткен президентке  алғыс айтты

Ақышев «ешкімнен қорықпа» деп қолдау көрсеткен президентке алғыс айтты

Ұлттық валюта бағамының соңғы кезде жиі құбылуын бүгін Ұлттық банк төрағасы түсіндірді. Ел арасында тараған қауесеттің кесірі дейді бас банкир. Сондай-ақ ол АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының салқыны Қазақстанға аса қатты әсер етпейді деген пікірде. Данияр Ақышев ақпандағы Елбасының «ешкімнен қорықпа» деген сөзінен кейін жұмысының қалай алған басқаны туралы да айтып берді.

Сарапшылар ұлттық валютаның долларға шаққандағы құнына түрлі болжамдар айтып жүр. Тіпті, қазан айында АҚШ-тың бір доллары 450 теңге болады делінген.   Бүгін Ұлттық банк басшысы бағамның құбылуына осындай негізсіз болжамдар мен қауесеттер әсер етті деп отыр. Салдарынан биржада көк қағазды сатушылардан сатып алушылар көбейіп кеткен.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

-Теңгенің бұлай құбылуына әсер ететін айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Тек ол құнсызданады дегенді ақпарат құралдары жарыса жазып, ақырында жұрт дүрлігіп кетті. Кейін ол шынымен құбылды. Бірақ көп ұзамай тұрақталды. Қазір валюта нарығында жағдай қалыпты. 

Сондай-ақ, бас банкир АҚШ тың Ресейге қарсы қолданып жатқан санкциялары біздің нарыққа қаншалықты әсер етуі мүмкін деген болжамын да айтты. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

-Бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етеді деп айта алмаймын. Біз бұған бейтарап баға берер едік. Әлемдік шикізат нарығында тұрақтылық бар кезде біздің экономикаға келетін қауіп өте аз.  

Журналистермен болған бір сағаттық кездесуінде Данияр Ақышев бәрі жақсы, қорқатын дәнеңе жоқ деді. Ал ақпан айында Елбасының өзі қолдау білдірген соң, бас банкирдің ісі кәдімгідей оңға басыпты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Я смотрю и вижу, чем больше Национальный банк начинает наводить порядок, тем больше нападок на председателя Национального банка, которого я стопроцентно поддерживаю. Это делают акционеры и спонсоры, которые здесь сидят, в этом зале. Никого не бойся, никого.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

-Маған қолдау білдіргені үшін Елбасыға айтар алғысым шексіз. Қаржы нарығындағы ойыншылар біраз инвестиция құюлары керек. Көпшілігі оны істегісі келмейді. Содан түсініспеушілік туындайды. Қазір бізге ешкім қысым көрсетіп жатқан жоқ.

Ұлттық банк төрағасы жасалып жатқан жұмыстар мен жеткен жетістіктерін айтуды да ұмытпады. Мысалы, ол шілдеде инфляция деңгейін соңғы екі жылда болмаған ең төмен көрсеткішке, яғни 10 пайызға дейін түсірдім деп отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде