Астанада жолаушы толы автобус жол апатына себепкер болды
Қоғамдық көлік алдында тұрған он машинаны соғып барып, әзер тоқтаған.
Автор: Жәудір Оразхан
23.08.2017
Автобус қатты жылдамдықпен келсе керек, жолақта алдынан шыққан көліктің барлығын сүріп өткен. Міне, бір-біріне соғылған машиналар әр жерде тоқтап тұр. Жарақат алған жүргізушілер дереу ауруханаға жеткізіліпті. Ал автобус тізгіндеген азамат 4 ай бұрын ғана жұмысқа орналасқан екен. Куәгерлердің айтуынша автобустың тежегіші аяқасты істен шыққан.
Ержан Ахметжанов, Астана қаласының тұрғыны:
-Автобус бірінші болып ұлымның көлігін соққан. Көлік қайта жөндеуге жарамайды. Автопарк бар шығынды өтеуі тиіс. Ұлымның ауруханадағы емін де мойындарына көтерсін. Мынандай жағдайда аман қалғанына таң қалып отырмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!