Елімізде никабқа заңмен тыйым салынбақ
Қазақстанда әйелдердің бет-жүзін тұмшалайтын діни киімге заңмен тыйым салынғалы жатыр. Дін істері министрлігі никабқа жыл соңына дейін шектеу қоймақ.
Автор: Азамат Алдоңғаров
23.08.2017
Тиісті заң жобасы күзде Мәжілістің қарауына түседі. Мұндай тәжірибе еуропаның бірқатар мемлекеттерінде бар дейді шенеуніктер. Бірақ, адам құқықтарының шектелуі туралы әңгіме туындауы да мүмкін емес. Десе де, бұл қарапайым қауіпсіздік шаралары. Ал бет-жүзді жаппайтын, қазақы орамал және басқа діни киімге тыйым жоқ. Еске салсақ, Дін істері министрлігі мен мүфтият бірлесіп, қыз-келіншектердің ортақ киім үлгісін әзірлеп жатыр.
Еркін Оңғарбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
-Бұндай тәжірибе Франция, Нидерланды, Бельгия сынды еуропалық елдерде бар. Ол жақта бірнеше адам бұндай талап адам құқығын шектейді деп сотқа шағымданған. Ал, сот мемлекеттердің бұндай тыйымға қақы бар деген шешім шығарды. Сондықтан біздің елде де адамның бет-жүзін тануды қиындататын киімге заңмен тыйым салатын уақыт келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!