{metadescription}
Қарағандыда оқыс оқиға салдарынан сарбаз көз жұмды
Қарағандыда оқыс оқиға салдарынан сарбаз көз жұмды

Қарағандыда оқыс оқиға салдарынан сарбаз көз жұмды

22 жастағы Тимур Перметов бүгін таңғы уақытта әскери техниканың дайындығын тексеріп жүріп, көлік пен тіркеменің арасында жаншылып қалған.

Ұлттық гвардия сарбаз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, бір жарым сағаттан кейін тілге келместен жан тапсырды. Қайғылы жағдайға байланысты 5451 әскери бөлімінде қызметтік тексеріс басталған. Дегенмен әскерилер сарбаздың тіркемені дөңестеу жерге әкеп тежегішті қоспастан, көліктен ажыратқанын айтады. Өз салмағымен қозғалып кеткен ауыр тіркеме жігіттің өзін көліктің арасына жаншып тастапты. 

Ринат Омаров,  5451 әскери бөлімінің командирі:

-Сарбаздың денесін бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы туған жеріне әкеткелі отырмыз. Туыстарына жеткізіп береміз. Әскери тергеу басқармасы қазір тексерістерін бастап кетті. Көптеген болжамдар жіті тексерілгеннен кейін ғана процессуалдық шешім шығады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде