{metadescription}
Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлау себебі айтылды
Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлау себебі айтылды

Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлау себебі айтылды

Алматы облысында апатқа ұшыраған ЯК-12 ұшағының құлауына ұшқыштың тізгінге ие бола алмауы себеп. Болжам бойынша, жүгері алқабын дәрілеп жүрген әуе кемесі бұрылу кезінде жылдамдығын жоғалтып, құлдилаған күйі жерге соғылған.

Мұндай мәліметті бүгін Инвестиция және даму министрлігіне қарасты Көлік апаттарын тергеу департаменті таратты. Әуе апатын жан-жақты зерттеген комиссия, құлаған ұшақтың жанармай багы жарылып, өрт содан тұтанды деген байламға келіп отыр. Салдарынан әуе кемесінің алдыңғы бөлігі түгелдей жанып кеткен. Ал қаза болған ұшқыштың дәл осы ұшақты басқаруға және дәрілеу жұмыстарын жүргізуге рұқсаты болған екен. Естеріңізге салайық, 27-ші шілде күні Панфилов ауданындағы Шолақай ауылының маңында «Қазавиа» компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын. 54 жастағы ұшқыш Хамит Ақбергенов пен шаруа қожалығының иесі Мәсімжан Мәсімов қаза тапты. Сондықтан тергеу жұмыстары толық аяқталғанша елімізде ЯК-12 әуе кемесінің ұшуына тыйым салынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде