Алматылық мүсінші көлік бөлшектерінен таңғажайып туындылар жасап жүр
Ол мүсіндерінде өткен тарих пен қазіргі техниканы бір арнаға біріктіре білген. Осылайша тарихты қазіргі ұрпаққа дәріптемек.
Автор: Аида Мағыпар
24.08.2017
Мүсіншінің айтуынша мұндай өнер түрі шетелде әлдеқашан дамыған екен. Алайда біздің елде бұл алғашқы туынды. Осы өнер түрі стимпанк деп аталады. Әрбір туындыға үш айдай уақыт кетіпті. Аттың үстінде тұрған жауынгер мүсінінің биіктігі 4 метр, салмағы 5 тоннадай, ал өгіз болса 3 тоннаны құрайды. Осы сияқты өнер туындылары алдағы уақытта еліміздің көптеген аймақтарында көрсетіледі дейді шебер.
Зұлхайнар Қожамқұлов, мүсінші:
-Көрмелерді Қазақстаның бірнеше қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мысалы, Астанада, Шымкентте. Егер де мүмкіндік болса шетелде де ұйымдастыратын шығармыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!