{metadescription}
Жаңарған ұлттық арна!
Жаңарған ұлттық арна!

Жаңарған ұлттық арна!

Еліміздегі тек қазақ тілінде ақпарат тарататын "Қазақстан" телеарнасы бұрын-соңды болмаған ребрендинг жасап, жаңа маусымды жаңа логотиппен бастағалы жатыр. Яғни, арнаның атауы енді латын әріпімен жазылады.  

Ерлан Қарин, «Қазақстан» РТРК төрағасы:

-Біздің тағы бір жаңалығымыз - аймақтардағы барлық арналардың да атауы өзгеретін болады. Яғни баяғыдай Қазақстан-Ақтау, Қазақстан-Маңғыстау емес, сол жергілікті өңірдің тән атаулары – Ақжайық, Маңғыстау, Қызылжар, Ертіс, Алтай деген сияқты. Арнаның графикалық безендірілуінен басқа арнаның саунд-пакеті де өзгертілді жаңа әуендермен.

Корпорацияға қарасты «Балапан», «Қазспорт» арналарының да атауы өзгерген. Дизайнерлер телеарнаның жаңа логотипіне көк және сары түстерді таңдапты. Ал арнаның жалпы бағдарлама кестесіне келсек, жаңа маусымда  ұлттық өнерімізді насихаттайтын «Мен қазақпын» жобасы басталады. Оған Ресей, Қытай, Моңғолияда тұратын қандастарымыз да қатыспақ. «Хит Қазақстан» музыкалық шеруі, «24 сағат табиғат құшағында» реалити-шоуы, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін - «Ене мен келін» бағдарламалары  көрермен назарына ұсынылады. Және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да жаңа стильде шықпақ. Сондай-ақ, көпшілік «Өмір - дастан», «Іңкәр жүрек», «Жаңа қоныс», «Екі жүз» сынды отандық телехикаяларды тамашалай алады. Ұлттық арна тың дүниелерге толы жаңа маусымды 28-i3 тамыз күні бастағалы отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде