Еліміздің мұсылмандары қасиетті бес парыздың бірі – қажылық сапарға аттанып жатыр
Биыл киелі Мекке-Мәдина жеріне екі жарым мың отандасымыз баруы тиіс. Соның алғашқы легі – 290 адам Алматыдан Сауд Арабиясына ұшып кетті.
Автор: Аида Мағыпар
24.08.2017
Жалпы, үлкен қажылыққа барушылар жылдағыдай Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан ұшады. Биыл Сауд Арабиясы Қазақстан үшін екі жарым мың квота бөліпті. Былтыр 3 мың, алдыңғы жылы тіпті 5 мың болған. Ал квота санының осылай жыл сайын қысқаруын діни басқармадағылар қажылыққа ниет еткендердің азаюымен түсіндірді. Биыл оларды отандық әуе компаниясымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінің ұшақтары да тасымалдайды. Жалпы, бұл жолы елімізден қасиетті жерге 8 рейс жоспарланған. Соңғысы арғы күні ұшады.
Мәрия Дәуренбек:
-5 парыздың бірі қажылық осыны өтесек деген арман ниетіміз бар еді.Осы қажылық құдай қаласа бізге нәсіп етіпті. Бүгін құдай қаласа сағат 10:30 дейді ғой жүргелі отырмыз қажылыққа.Алла ниетімізді,қажылығымызды қабыл етсін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!