Шымкентте аспалы шамдар толы қойма өртеніп кетті
Қызыл жалын түскі мезгілде күнгейліктер «ескі шахар» деп атап кеткен құрылыс базары маңынан шыққан.
Автор: Бек Әбиев
24.08.2017
Базарға айналған көшенің тарлығынан өрт сөндірушілерге отқа оранған қоймаға жетуі қиындап кетті. Қызыл жалынның өзге сауда орындарына жайылып кету қаупі болғандықтан, тілсіз жауды ауыздықтауға 145 адам жұмылдырылды. Өртті сөндіріп жатқанда жұрт қойма ішіндегі бүлінбеген бұйымдарды құтқарып әлекке түсіп жүр. 270 шаршы метрге жайылған өртті мамандар бір сағаттан астам уақыт бойы өшірді. Зардап шеккендер жоқ деп ақпарат таратып жатқан төтенше жағдай өкілдері енді жалынның себебін анықтауға кірісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!