{metadescription}
Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне келген жұрттың «салы суға кетіп» қайтты
Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне келген жұрттың «салы суға кетіп» қайтты

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне келген жұрттың «салы суға кетіп» қайтты

Екі қолға бір күрек таба алмай бос жүрген тұрғындар үмітіміз ақталмады дейді. Өйткені, жұмыс берушілердің талабы  жоғары да, жалақысы өте мардымсыз.

Жансейіт Меңкенов, Астана қаласының тұрғыны:

-Еркекте намыс болу керек қой. Бала-шағасын қалай асырайды 40-50 мыңға? Сіз ағылшын тілін білу керексіз дейді. Ағылшын тілінде беретін мұғалімдерді қайдан табады, оны мен түсінбеймін? Болашақ мұғалімдерге ол талаптарды қоюға болады. Бұрыннан келе жатқандарды далаға лақтырып жібере ме?

Жансейіт Меңкенов география пәнінің мұғалімі. 7 жылдық тәжірибесі бар. Ол сол күйі ақшасы отбасын асырауға жететіндей жұмыс таба алған жоқ. Жалпы, бүгінгі шараға 60 компания қатысып, 500-ден астам жұмыс орнын ұсынған екен. Арасында құрылыс компаниялары, жиһаз жасайтын цехтар, қонақ үйлер, балабақша мен мектептер бар. Жұмыс іздеп келушілердің көбі жастар. Зейнеткерлер мен үйде бос отырып қалған әйелдерді де кездестіруге болады. Ресми есеп бойынша, тек Астанада 5 мыңға жуық жұмыссыз бар. Елордада қазір ұстаз, дәрігер мен құрылысшылар жетіспейді. Ал жәрмеңкеге қатысып жатқан мекемелердің арасында ірі холдинг,  ұлттық компаниялар мүлдем жоқ. Ұсақ-түйек компаниялар ұсынған жалақы өте аз.

Аяжан Айтжанова, Астана қаласындағы Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы:

-Құрылыс саласындағы мекемелер 80-90 мың теңге жалақы ұсынады. Білім беру саласы 50-ден 100 мың аралығы. Ірі компаниялар мұндай жәрмеңкеге қатыса бермейді. Бірақ ара арасында болады. Ол үлкен ұлттық компанияларға осындай шараларға қатысу тиімді емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде