{metadescription}
Әділет министрлігі сотталушының дүние-мүлкін тегіс тәркілеуге заңмен тыйым салғалы жатыр
Әділет министрлігі сотталушының дүние-мүлкін тегіс тәркілеуге заңмен тыйым салғалы жатыр

Әділет министрлігі сотталушының дүние-мүлкін тегіс тәркілеуге заңмен тыйым салғалы жатыр

Сотталған азаматтың дүние-мүлкін сыпырып алып, мемлекет меншігіне өткізетін күн келмеске кетпек. Әділет министрлігі Қылмыстық кодекстің 48-ші бабы, яғни тәркіленетін мүлікке қатысты өзгертулер енгізбекші. Бір сөзбен, қылмыскердің дүниесіне көз тікпес бұрын, тергеушілер сотқа оның қылмыстық жолмен табылғанын дәлелдеп беруі тиіс. Заң қабылданса, азаматтарымыздың нені білгендері абзал?

-«Меншік құқықтарын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, аты айтып тұрғандай азаматтардың жеке мүлкінің сақталуын көздейтін құжат. Тіпті ол пара алған, жемқор шенеунік болса да.

Енді шатылғандардың дүние-мүлкін тәркілеу үшін, біріншіден малдың қылмыстық жолмен табылғанын дәлелдеп алу керек. Яғни бүгінге дейін, сот қылмыскердің қай жолмен табылған мүлкі қазынаға кетіп жатқанын ажыратып, бас қатырмай келген.

Зәуреш Баймолдина, ҚР Әділет вице-министрі:

-Кеңестік кезеңнен бізде сотталған азаматтың барлық дүние мүлкін тартып алу қалыпты жағдай болды. Оның қандай жолмен табылғанын анықтап жатпайтын. Бұл әрине дұрыс емес. 

Сондай бір үкімнің дұрыс еместігін атышулы Әлібидің ісі бойынша сотталған кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің жұбайы Жоғарғы сотқа барып дәлелдеуге тырысып еді. Қылмысында экономикалық құрам болмаса да, сот оның дүние мүлкінен түк қалдырмай, мемлекет пайдасына шешіп берген-ді. Енді азаматтар тіпті парамен ұсталған күнде де, тәркілеуге тек сол жерде табылған арам табыс түседі. Ал қалғанын әлі дәлелдеп алу керек. Бұндай өзгерісті адвокаттар қолдап отыр.

Ерлан Ғазымжанов, адвокат:

-Қазір сот мүліктің тарихына үңілмейді. Тергеу кезінде судья мүлікке шектеу қойса, соттағы судья да істі қаз қалпында қарап, мүлікті тәркілей береді. Кейін сотта оның адал жолмен табылғанын дәлелдеу қиыннын-қиыны. Сондықтан қос қолдап қолдаймын

Жоба авторларының сөзінше, тәркіленетін мүлікті дәлелдеуге тергеу органдарына қосымша күш те, уақыт та берілмейді. Бір сөзбен, бар салмақ іскесерлерге түскелі тұр. Себебі шеңбері кеңейген жұмысты жедел, әрі сапалырақ атқаруға тура келеді. Әділет министрі заң жобасы күзде парламентке кірсе, келер жылдан күш алуы мүмкін дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде