{metadescription}
Әблязовтың тағы бір сыбайласына жаза жеңілдетілді
Әблязовтың тағы бір сыбайласына жаза жеңілдетілді

Әблязовтың тағы бір сыбайласына жаза жеңілдетілді

Кезінде «БТА» банкінің несиелеу жөніндегі директоры болған Қайрат Садықов маусым айында 15 жылға сотталған болатын. Алайда апелляциялық сот үкімді қайта өзгертіп, 5 жыл шартты мерзім кесті.

Қайрат Садықовқа сонымен бірге 700 мың теңге шамасында айыппұл төлеуі тиіс. Соттағылар жазаның бұлай аяқасты жеңілдеуін түсіндірген жоқ. Айта кетсек, екі ай бұрын осы Садықов қана кінәсін мойындамай 15 жыл арқалаған болатын. Ал тергеуге көмектесіп, Әблязовтың былықтарын жайып салған БТА банкінің бұрынғы басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмеш пен оның орынбасары Жақсылық Жарымбетов 5 жылдан шартты жаза алған еді. Жалпы, Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына 20 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде