ЭКСПО-ның үш миллионыншы көрермені жұмыстан қашқан қонақ боп шықты
Сөйтіп, Ресейден Астанаға іссапармен келген Юрий Шурыгин кезекті рекордты жаңартты.
Автор: Жәудір Оразхан
25.08.2017
Юрий Шурыгин:
- ЭКСПО-ға бірінші рет кеше кірдім. Толық аралап үлгермеген соң, бүгін үлкен форумды тастап, тағы келдім. Енді әріптестерім теледидардан көрсе, ренжитін болды. Жалпы, қазақстандық павильон қатты ұнады. Ресейдің павильонын көрсем деймін. Ал өзбектердің асханасынан тамақтануды жоспарлап отырмын.
38 жастағы кәсіпкер Юрий Шурыгин ЭКСПО-ның есігін аттағанда қонақтарды есепке алатын құрылғы 3 миллионыншы деген санды көрсеткен.
Оның әділдігіне ұйымдастарушылар күмән келтірмейді. Ал бір сәтте күллі Қазақстанға аты шыққан мейманға ұлттық компания басшысы естелік сыйлық тарту етті. Жалпы, халықаралық көрмеге миллионыншы қонақ бір ай өткен соң келген болатын. ЭКСПО екі миллионшыны 24, үшінші миллионшыны қонақты 21 күн күттік деп отыр. Ал туристердің 15 пайызы шетелдіктер екен. Оның басым бөлігі ресейліктер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!