{metadescription}
Ақтөбелік тәртіп сақшылары түрмеден шыққандар үшін жұмыс іздеп жүр
Ақтөбелік тәртіп сақшылары түрмеден шыққандар үшін жұмыс іздеп жүр

Ақтөбелік тәртіп сақшылары түрмеден шыққандар үшін жұмыс іздеп жүр

Тіпті бос қызмет орындарына жариялаған жәрмеңкеге жазасын өтегендерді жетелеп апарып жатыр.

Полицейлер олай етпеске амалдарының жоқтығын айтады. Себебі, түрмеден шыққандардың дені екі қолға бір күрек таба алмай, ақырында қайта қылмысқа барып жатады. Сондықтан тәртіп сақшылары сотталғандарды еркіндікте бір күн болса да бос қоймау керек деген оймен жұмыс берушілер жариялаған жәрмеңкеге түрмеден шыққан жүз адамды шақырыпты. Олар үшін құжат әзірлеп, тіпті қызметке алу үшін сотталған адамды барынша мақтауға да әзір. Себебі, бұрын жаза басқандарға көпшілік күдікпен қарайды.

Азамат Күреңбаев, Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

-Ұсынылған жұмыс орындарына алдағы уақытта характеристика керек болса харатеристикасын айтып, жақсы жақтарын атап кетеміз. Дұрыс жолға түскісі келеді. Жұмыс істеуге құлшыныстары жақсы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде