{metadescription}
Жанайқай: Петропавл тұрғындары үйіндінің астында қалудан қорқады
Жанайқай: Петропавл тұрғындары үйіндінің астында қалудан қорқады

Жанайқай: Петропавл тұрғындары үйіндінің астында қалудан қорқады

Үй құласа, үйіндінің астында қаламыз! Петропавлдағы екі қабатты ескі үйдің тұрғындары осылай деп дабыл қағып отыр. Олардың баспанасы үш жыл бұрын апатты деп танылған екен. Алайда мәселе тек тұрғындарды үй кезегіне қоюмен ғана тыныпты. Оның өзінің алдағы 70 жылда жылжуы неғайбыл дейді наразы халық. Сондықтан олар шенділерден тым болмаса баспаналарының сыртын жөндеп, құлағалы тұрған қабырғаларды бекітіп беруді сұрап отыр.

Жоғарғы қабатты тұратын жұрт сықырлаған баспалдаққа мініп түскен сайын «бісмілләсін» аузынан тастамайды. Олардың уайымы тек бұл ғана емес. Шұрқ тесік шатырдан аққан жауын суы қабырғалардың бәрін көгертіп  біткен.

Татьяна Куропятник, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Әсіресе қатты жел тұрған күндері жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. Дауыл жұлып кетсе, тесік шатырдан да айырылып қаламыз ба деймін. Үйдегі қолқаны қабатын сыздың иісінен бәріміз ауру таптық.  

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары қорғаныс зауытының жұмысшылары үшін тұрғызылған бұл үйді алты отбасы паналап отыр. Мұнда не жылу, не су, не кәріз жүйесі жоқ. Пеш жағып, көшеден су таситын жұрт есігінің алдынан дәретханаларын да бөлек-бөлек салып алған. 2014 жылы кіре берістегі қабырға қақырай бастағанда, олар құтқарушыларды шақыртыпты.

Алайда төтенше жағдай қызметкерлері сол кеткеннен қайтып қара көрсептеген. Кейін әкімдіктен келгендер үйдің апатты деп танылғанын айтыпты.

-Үш жыл бұрын бұл үйдің тұрғындарын әкімдік «жалғыз баспанасы апатты жағдайда тұр» деген себеппен үй  кезегіне қойыпты. Бірақ үш жылда олардың кезегі тек бір-екі адамға ғана жылжыған. Қазір олар бұл тізімде шамамен 70-тен жоғары болып тұр.  Жағдай осылай қала берсе, халық көзіміз тірісінде бізге басқа баспана бұйырмас деп отыр.  

Осыны жақсы түсінген тұрғындар тым болмаса үйдің қақыраған қабырғасын сыммен тартып, сыртын сылап берсе екен дейді. Өтініштерін айтып талай рет әкімдікке де барыпты. Ал олар құрғақ уәдеге қарық қылғаннан әрі аспайтын көрінеді.

Жұмабике Мұханбетова, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Өзіміз де қол қусырып отырған жоқпыз. Пәтерімізді жылда жөндейміз. Мына үгілітіп жатқан шлак қабырғаны қанша сыласақ та пайда жоқ. Осы күздегі жаңбырдан аман қалу, қалмауымыз екіталай. Сонда қыста қайда барып күнелтеміз?

Шенеуніктер болса апатты үйді ешкім бюджеттен ақша шығарып жөндемейді дейді. Өйткені пәтердің бәрі жекешелендірілген. Ендеше тұрғындар  өз қотырын өздеруі қасуы тиіс.

Дәулет Қалиасқаров, Петропавл қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:

-Біз өз тарапыздын бұл үйдегілерге тек құрылысшыларды жібере аламыз. Олар ғимаратқа сараптама жасап, қандай жұмыстар атқару керектігін және оған қанша материал кететінін есептеп береді.  Ал қалған шаруаның бәрін тұрғындар өз есебінен атқаруы тиіс.

Қалиасқаровтың айтуынша, қалада апатты үйлер өте көп. Олардың бәріне  бірдей баспана жетіспейді екен. Тұрғындардың бар үміті ірі құрылыс фирмасында. Олар ескі үй тұрған жерге қызығушылық білдірсе ғана, жұрттың талай жылғы арманы орындалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.