Оралда автобустар жарысынан зардап шеккен жолаушыларға бір тиын да төленбеуі мүмкін
Өйткені, автопарктер автобустың өздерінікі еместігін айтып, ақталды. Айтуларынша, олар бар болғаны қоғамдық көлікті жалға алған.
Автор: Жанар Низамутдинова
25.08.2017
Сондықтан, 24 жастағы автобус жүргізушісінің кінәсі дәлелденсе, бар шығынды сол көтеруі тиіс. Жарыс құмар жүргізуші бұдан өзге 700 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі немесе 75 тәулікке қамалуы да мүмкін. Қазір оған қатысты “жолда жүру ережесін бұзу” бабы бойынша іс қозғалды. Еске салайық, күні кеше Оралда екі жолаушылар автобусы мен екі жеңіл көлік соқтығысып, 60-қа жуық адам зардап шеккен. Кеше осынша адамға көмек көрсеткен дәрігерлердің айтуынша, қазір ауруханада 6 адам ғана қалыпты. Олар да тәуір болып келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!