Елімізде студенттерді мәжбүрлеп концертке жіберуге тыйым салынуы мүмкін
Елімізде студенттер мен оқушыларды түрлі шараларда адам санын толтыру үшін пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі концерттік зал, стадион мен мерекелік жиындар өтетін алаңдарға жастарды мәжбүрлеп жинауды тоқтатуды ұсынды.
Автор: Жәудір Оразхан
25.08.2017
Ғабидулла Оспанқұлов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры:
-Жастарды адам санын толтыру үшін пайдаланды деген түсінік қалыптасқан. Бұл рас. Оданда студенттерге өтетін шараның маңыздылығын түсіндіріп, олардың қызығушылығын ояту керек. Ер жетіп, бой жеткен ұл мен қыздың өзіндік жеке ұстанымы болады ғой.
Бірақ сол жастардың пікіріне құлақ асып жатқандар шамалы. Шын мәнінде, қандай бір маңызды шараларға оқушылар мен студентерді мәжбүрлеп қатыстыруға ешкімнің қақы жоқ. Алайда, университеттер мен білім ордаларының басшылары бұйрыққа бағынбаған шәкірттерді оқудан шығарамыз деп қорқытады. Бұндай бассыздыққа бұдан-былай шектеу қойылуы мүмкін. Әйтсе де, министрлік қыз-жігіттердің қолдауынан мүлдем бас тартпақ емес.Тек ендігі жерде қоғамдық жиындарға жастардың өз аяғымен келіп қатысатындай жағдай жасамақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!