Сұмдық: Алматыда дәретханадан өлі табылған балаға бас-көз болуы тиіс ересектер ұйықтап жатқан
Алматыда жантүршігерлік оқиға болды! Қалада аяқ астынан жоғалып кеткен 2 жастағы бала өлі күйінде әжетханадан табылды. Болжам бойынша, бұл жағдайға үйдегі ересектердің ұйқыға жатып қалғаны себеп болған. Яғни сәби қараусыз қалған. Қазір сұмдық оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Автор: Аида Мағыпар
25.08.2017
Полицияға "Шаңырақ-2" ықшамауданындағы үйлердің бірінен 2 жасар баланың шығып кетіп, жоғалғаны жайлы хабар кеше кешкісін түскен болатын. Содан кейін тәртіп сақшылары сәбиді түні бойы іздеген іздеген. Бірақ оны ауладағы әжетханадан табамыз деп ешкім ойламапты. Өйткені анасының айтуынша, бала үйдегілер ұйықтап жатқан кезде сыртқа шығып кеткен деп айтқан.
Айсұлу Бейсенқұлова, көршісі:
-Баланы далаға горшокқа отырғызып өзі үйге кіріп кеткен. Содан ұзақ шықпаған сияқты. Бала горшоктен тұрып кеткен. Бұл менің естігенім. Қарамаған жері болмады.
Көршілерінің айтуынша, нағашы әжесінің қолында тұратын бала сол апасымен бірге осыдан 10 күн бұрын анасының үйіне қонаққа келіпті. Өздері Бақанас ауылының тұрғындары екен. Сәбиді кешеден бері іздегендер бүгін түстен кейін үйдің ауласындағы әжетханадан тауыпты. Дәретхананың тереңдігі 3 метр екен. Бірге баспана жалдап тұратын көршілері бала жоғалған уақыттан кейін де сол дәретхананы пайдаланған екен.
Динара Әділ, көршісі:
-Қарадық, ештеңе көрінбеді.
Мәйітті арнайы техниканың көмегімен алып шығуға үш сағаттай уақыт кеткен. Ал бала жоғалған кезде үйдін ішінде 5 ересек адам болған екен.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
-Олардың бәрі қатты ұйқыға кеткен. Сөйтіп баланың шығып кеткенін аңғармаған .Бұл жәйт те жіті тексерілетін болады.
Қазір осы жағдайға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Жнтүршігерлік оқиғаның мән-жәйі тергеу барысында анықталмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!