Оқыс оқиға: Павлодарда жолаушылар тасымалдайтын автобус түгі қалмай өртеніп кетті
Құдай сақтап, ешкім зардап шеккен жоқ. Барлығы жүргізушімен қоса қоғамдық көліктен шығып үлгерген.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.08.2017
Куәгерлердің айтуынша, бесінші бағытта қатынайтын автобус аялдамаға бірер метр қалғанда аяқ астынан отқа оранған. Әуелі гүрс еткен дауыс естіліпті. Артынша көліктің іші көк түтінге толған. Тағы бір минут өткенде толығымен қызыл жалын құрсауында қалыпты. Өрт жексенбі күні таңертең болғандықтан ішінде адам аз болып, барлығы дереу ытқып шығыпты. Болжам бойынша, өртке көлік тежегішінің күйіп кетуі себеп болған көрінеді.
Самат Шахуов, Павлодар қалалық №2 өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
-Адамдарға айтарлықтай қауіп төнді. Әйтеуір, жүргізуші мен кондуктордың арқасында барлық жолаушылар дер кезінде автобустан шығарылып, ешкім зардап шеккен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!